The Future of Others: бейотар перспективадағы болашақ
Бірінші дәріс-көрсетілімнің тақырыбы бейотар дискурс тұрғысындағы болашақ, болашақтың балама сценарийлерін көрсететін, статус-куо мен еуроцентризм гегемониясына қарсы тұратын афрофутуризм, синофутуризм және кверфутуризм феномені. Дәрісте Lawrence Lek, Lu Yung, Cao Fei, Tabita Rezeir, Krёlex zentr жұмыстары қарастырылатын болады. Жаңа цикл барысында бейне басты медиум саналатын суретшілер туралы көбірек біліп, жаңа тәсілдермен танысып, бейне өнер тарихын саралайсыздар.
Анвар Мүсірепов – қазақстандық суретші, Akademie der bildenden Kunste Wien (Вена) және Родченко атындағы Мәскеу фотосурет және мультимедиа мектебінің (Мәскеу) түлегі. Мәскеу, Санкт-Петербург, Венеция, Люблин қалаларындағы топтық көрмелердің қатысушысы. 2017 жылы Алматыда Анвардың Wonderstan атты алғашқы жеке көрмесі өтті.