Күнделіктер әлемі: жеке жазбалардан көркем мәтінге дейін

07.11.2026
Уоркшоп
Atele

7 қараша күні сағат 14:00-де түрлі күнделік жүргізу тәжірибелерімен танысатын воркшоп өтеді. Біз уоркшопта әртүрлі күнделік практикаларымен танысып, олардың ұсақ бөлшектерді байқауға, сезімді түртіп алуға және үйреншікті заттарға жаңаша қарауға қалай көмектесетіні туралы сөйлесеміз. 

Біз күнделіктердің әртүрлі форматтарын қарастырамыз:

  • жеке;
  • визуалды — скетчбук немесе арт-күнделік;
  • тұрмыстық;
  • кәсіби;
  • оқуға арналған;
  • саяхат күнделігі;
  • бақылау күнделігі;
  • алғыс айту күнделігі.

Әр форматтың өз міндеттері мен мүмкіндіктері бар. Біз сізге сәйкес келетінін анықтау үшін бірге әртүрлі форматтағы күнделік жазуды бастап көреміз. 

Уоркшоп өзін түсінгісі келетін, жады мен шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға бейілді немесе күнделік жүргізуді күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналдырғысы келетін жанның бәріне қызық болмақ. Алдын ала дайындық талап етілмейді — өзін және қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылық пен ниет болса болғаны. 

Егер сіз күнделік жүргізіп жүрсеңіз, оны өзіңізбен ала келіңіз. Ал егер сізде бұрыннан толтыруға қолыңыз тимей жүрген әдемі блокнот болса, бұл мұны ретке келтірудің таптырмас мүмкіндігі. Уоркшопта сіздің күнделігіңіздің жаңа тарауы әрі онымен бірге өміріңіздің де тың парағы ашылуы бек мүмкін. 

Жүргізуші

Ғалия Нұршайықова — жазушы, «Лоскутное одеяло» романының авторы. Ғалия әр адамның өмірі қағаз бетіне түсуге лайық деп санайды. Ол үшін күнделік — ойлар, күмәндар мен жоспарлар кеңістігі ғана емес, суреттер, коллаждар мен өлеңдерді біріктіретін шығармашылық практика. Төл күнделік жазбалары оның ХХ ғасыр әйелдері туралы романымен жұмыс істеу барысында қайнаркөздердің біріне айналды. 

Өзіңмен не ала келу керек?

Мүмкіндігінше естелік фотосуреттер, билеттер (әуе, метро, театр, мұражай), жазбалар, суреттер, гербарийлер және сіздің естелігіңізбен байланысты т.б шағын заттар ала келіңіздер. Уоркшопта біз оларға күнделік бетінен орын тауып, жеке мұрағатты шығармашылық материалына айналдыруға тырысамыз.

‍

Кездесу тілі: орысша

‍

No items found.
Билеттер