Tour “A Return to Form: A Walk Through Constructivist Almaty”

15.08.2026
Дәріс пен пікірталастар

«Форманың оралуы: сәулеттік демалыстар» бұқаралық бағдарламасын ашатын конструктивистік Алматыдағы серуенге шақырамыз.

1920-шы жылдардың соңына қарай Қазақ КСР астанасын Алматыға ауыстырғаннан кейін шаһар айтарлықтай өзгере бастады. Жаңа тұрғын үй комплекстері, әкімшілік ғимараттар мен қоғамдық кеңістіктер пайда болып, конструктивизм жаңа қала өмірінің сәулет тіліне айналды. 

Серуен барысында қатысушылар 1930-шы жылдардағы тұрғын үй комбинатын, Түрксіб басқармасын, Тұңғыш Үкімет үйін, Бас пошта бөлімшесін, бұрынғы НКВД клубын және басқа да ғимараттарды тамашалайды. Бағдар Алматы сәулетінің өзгеруін бақылауға жол ашып, сәулетшілердің алғашқы ой-толғамынан ненің сақталғанын көруге мүмкіндік береді. 

Экскурсияны «Форманың оралуы» көрмесінің кураторлары Жанна Спунер мен Айя Дүйсеева өткізеді. 

Жанна Спунер — сәулетші, урбанист, «Форманың оралуы» көрмесінің кураторы, ICOMOS KZ мүшесі.
Айя Дүйсеева — сәулетші, «Форманың оралуы» көрмесінің кураторы,ICOMOS EPWG KZ мүшесі.

Экскурсия 15 тамыз 10:00-ден 11:00-ге дейін орыс тілінде өтеді. Жиналу орны: №1 тұрғын үй комбинаты, Қабанбай батыр көшесі, 81, Назарбаев көшесімен қиылысында. Бағдар Целинныйда аяқталады.

Тіркелу бойынша кіру тегін. 

Экскурсия бағдарымен толығырақ аталған сілтемедегі танытымды жүктеп алып, таныса аласыз. 

No items found.