Ümit Playground 2026

Ümit Playground — бұл жаңа жобалар мен жаңа есімдерге арналған бағдарлама. Ол суретшілердің келесі буынын жас тұрғысынан емес, тәжірибе, көркемдік тіл және практика кезеңі тұрғысынан қалыптастыруға бағытталған.
Біз қалыптасу, пайымдау немесе өзінің көркемдік жұмысын кеңейту процессінде жүрген авторларды шақырамыз.
Іріктеу қорытындысына орай қатысушылар өз көрмесін немесе бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.
Жоба жеке, ұжымдық немесе кураторлық болуы мүмкін — бағдарлама суретшілер үшін де, кураторлар үшін де ашық.
Кезеңдер:
— 13 сәуір — 20 мамыр (қоса алғанда): өтінімдер қабылдау
— 30 мамыр: нәтижелерді хабарлау
— 9 шілде — 27 қыркүйек: көрме / жобаны жүзеге асыру
Қатысу үшін қажет:
— CV
— Портфолио
— Жобаның сипаттамасы
Дайын жұмыстар үшін: сипаттама, сурет (фото/эскиздер/сызбалар), көрме тарихы (егер болса), қазіргі орналасқан орны
Жаңа жобалар үшін: сипаттама, жұмыс материалдары, алдын ала смета және өндіріс кестесі
Өтінімдер opencall@tselinny.org поштасында қабылданады
Бағдарлама финалистері Целинныймен көктем және жаз айларында жұмыс істей алады: сарапшылармен кездесулерге қатысып, жобаны дамытып және оны жүзеге асыруға дайындайды. Қатысушыларға жұмыс өндірісі үшін бюджет бөлінеді, сондай-ақ ұйымдастырушылық қолдау да білдіріледі. Жобаның форматы мен экспозициясы Орталық командасымен бірге анықталады.