Мәдени арьергард сыбдыры: Өзбекстан видеоарт бағдарламасы
.png)
2000-жылдар мен 2010-жылдар басындағы videoART.uz фестивалінің айтулы видеотуындыларының ретроспективасы
videoART.uz тәуелсіз кино фестивалі Ташкентте 2007-2017 жылдар аралығында өтті және жергілікті контекст пен күрделі қоғамдық ахуалды ескере отырып дамыған сан алуан эксприментал практикалардың өркендеуіне серпін берді. Бұл бағдарламада біз фестиваль қатысушыларының — аналитикалық және концептуал видеожұмыстарынан бастап, өз уақытының шындығын ашатын ашық сотқар туындыларын қамтитын айтулы фильмдерін жинақтадық. Фестивальдің тұрақты кураторы әрі шабыт сыйлаушысы режиссер және суретші — Олег Карпов болды.
Tiлi: орысша
Орталық азиялық постмодернге жеті көзқарас, Алексей Улько, 2010, 24’
Генерал еді, 2010, 6’
Атты жуындыру, Сид Янышев, 2010, 3’
Қоныс аудару бағдарламасы, Александр Барковский, 2009, 2’
Андерсен, Сид Янышев, 2010, 6’
Ивановс, Умида Ахмедова, Олег Карпов, 2012, 11’
Бұл видеоның концепциясы неде, Александр Барковский, 2008, 8’
Мәңгілік тұтқындары, Умида Ахмедова, Олег Карпов, 2007, 30’