Менімен сөйлесші, жел

21.05.2026 19:00
Кино
Целинный

Стефан анасы өмірден өткеннен кейін әжесінің туған күнін атап өту үшін алғаш рет отбасымен бас қосады. Анасы туралы фильмді аяқтау және туыс-туғанымен татуласу ниетінен туған оның қайтып оралуы өзінің ішкі әлеміне жасаған саяхатының бастау нүктесіне айналады.  

Стефан Джорджевичтің баяу автофикшні импрессионистердің пасторал нобайлары немесе отбасылық иеліктердегі демалыстар туралы романдарды еске салады. Уақыт баяу өтеді, оның  көп бөлігін ойлар мен әңгімелер алады, ал жаралы итті құтқару ең жарқын оқиға болып есте қалады. Жел картинаға магиялық реализм реңкін қосады, ал Стефанның анасының сөзінше, жел одан қатты өтініп сұрағанда ғана келеді. Анасының өлімінен кейін жел сүйікті адаммен қайта қауышудың жалғыз тәсіліне айналды.

No items found.