Yo’lda: Орталық Азияның жаңа экспериментал киносы

08.08.2026
Кино
Целинный

“Yo’lda” өзбек тілінен аударғанда «жолда» деген мағынаны білдіреді. Бағдарлама қозғалыс идеясын әртүрлі бейнелейтін экспериментал жұмыстардың басын қосады. Кейбір фильмдерде жол ішкі өзгерістер метафорасы болса, басқаларында — авторлар күмәнмен, әзілмен әрі қызығушылықпен көз тастайтын әлеуметтік процесстер. 

Бағдарламаға фестиваль опен-коллынан 10 фильм енді. 


Түнгі ауысым

Әсем Сұлтанова

Қазақстан, 2024, 12'

Қысқа әрі құрғақ егін маусымына байланысты Қостанай облысының фермерлері егінді барынша тез жинап алуы керек. Астықты жинау үшін машиналар да, адамдар да түнгі ауысымға шығады. 

Түнгі ұшу

Евгений Кондров

Қазақстан/Моңғолия, 2025, 7'

Ұшақпен түнгі ұшудан алған әсерлер — жер мен аспан бір-біріне қарама-қайшы, десе де ажырамас екі күшке айналады, күндізгі тыныш сәттер көңілге алаң қондыратын түнгі тұман мен турбулентті қозғалысқа бітіседі. 

Jolda

София Сейтхалил

Өзбекстан, 2024, 8'

Jolda — «жолда»  — бұл yourfriendkas есімді қазақстандық музыканттың туындысының атауы және өнерпаз өзін жиі табатын күй. «Аяқталмайтын қозғалыс, транзит алаңдарында, өткелдерде болу сезімі. Аталған видеоны коллаждау процессі жарық мекені, эмоционалды қиын кезеңдегі жұбаныш орны болды, сондай-ақ дәл осындай кездейсоқ ғажайыптарды күтіп жатқандай көрінетін мұрағаттарды жинақтауға мүмкіндік беретін жобаға айналды».  Жұмыста Ташкент, Бұхара, Алматы, Балқаш және оларды жалғап тұрған жолдар арасында түсіріліген видеолар қолданылды


Kündelık.Dubai

Қазақстан/БАӘ, 2024, 17'

Kündelık.Dubai фильмі — бұл режиссердің Дубайға жеке және көркемдік көзқарасы. Ескі цифрлық камераны қолдана отырып, Айғаным дәстүрлі мұсылмандық қарапайымдылық пен заманауи қала өмірін түсіріп, кімдіктің өзгермелі табиғаты туралы пайымдайды. Бұл режиссер әртүрлі қалаларды зерттеп, адамдардың қалай өмір сүріп, қалай өзара байланысатынына назар салатын Kündelık-тің ауқымды сериясының бір бөлшегі. 

неге why почему

Savage Qyz

Қазақстан, 2024, 2'

Бас кейіпкер өз көзі мен ерінін бір-бірін түсіне алмайтын жеке-дара кейіпкерлерге айналдырып, өз-өзімен диалогқа түседі. Көз тыйым салса, ерін сұрақ қояды. Оқиға чебурек салынған тәрелке айналасында өрбиді. 

Айдай Аманова

Норвегия/Қырғызстан, 2025, 4'

Бұл видеотуынды — тіл, кімдік және биліктің өзара байланысы туралы ой-толғау. Бірінші жақтан көрсетілген киіну және шешіну процессі ассимиляция аясындағы өзін-өзі қалыптастырудың осалдығын айқындайды. Орыс, қырғыз, ағылшын және норвег акцентімен аралас кадрдан тыс дауыс сөйлеудегі психологиялық және саяси қабаттарды ашып, тілдің бір сәтте байланыстырып, бақылай алатынын көрсетеді. 

Мизансценалар

Заманбап искусство

Қырғызстан, 2024, 17'

Суретші Шыңғыс Айдаров — парадоксты әлеуметтік және саяси трайблдарға (суретшінің «трабл» және «трайбализм» сөздерінен құрастырған термині) толы шынайы өмірден алынған анекдоттардың тұнып тұрған қайнар көзі. 2022 жылдың жазында Шыңғыс өмірден алынған осындай бірнеше көріністі таспаға түсіріп, болашақ көркем жобасына арналған кадрлық бөліністер дайындады, ал күзде инсульттің ауыр түрін бастап өткеріп, сөйлеу қабілетінен айырылды. Екі жылдан кейін «Заманбап искусство» ұжымына таспаланғандарды жинап, реконструкциялап, қайта жаңғырту мүмкін болды. 2025 жылдың желтоқсанында Шыңғыс өмірден озды. 

Қыз болу

Умида Ахмедова, Олег Карпов

Өзбекстан, 2024, 5'

Қыз болу — бұл артықшылық емес. Бұл орасан зор жауапкершілік. 

Shokouk: Төрт оқиғадан тұратын космедия

Рузбе Ахбари, Феликс Кальменсон

Канада/Өзбекстан, 2023, 17'

Ғарышқа ұшу инфрақұрылымы және ғарыш қиялдарымен байланысты кейіпкерлер, орындар мен кездесулердің көпдауыстылығын ашатын транс-тарихи гибридті деректі фильм. Әртүрлі ғарыш шытырмандарын — ХІІ ғасырдағы парсы әлемінен қазіргі Байқоңырдағы ғарыш айлағына дейін қамтитын бас айналдырар баяндаудан кейін — фильм тарихи фактілер мен мұрағаттық қиялды астастырып, уақыт пен кеңістік туралы үйреншікті түсінігімізге күмән келтіреді.

No items found.