Зин жасау

Зин — бұл тәуелсіз, көбінесе аз тиражбен басылатын баспа басылымы, өзін-өзі көрсетуге еркіндік беретін және әркімге автор болуға мүмкіндік туғызатын құрал. Зиндердің орындалуы мен мазмұны әр түрлі: тақырып жеке немесе тар бағытты болуы мүмкін, ал формасы қалтаға сиярлық DIY буклеттен бастап, артисттің зині, А4 форматындағы дәптер, ұқыпты құрастырылған зин-газета, фотокітап және басқа да форматтарға дейін өзгеріп отырады.
Екі күндік воркшопта біз зиндердің тарихы мен мысалдарымен танысамыз, бірнеше жылдам тапсырмаларды орындаймыз, содан кейін әр қатысушы өз техникасымен жеке зин жасайды — суреттермен, фотосуреттермен, мәтіндермен, коллаждармен немесе олардың үйлесімімен бірге. Біз кейін әркімге өзінің жеке зинін жасауға көмектесетіндей және әрбірін белгілі бір деңгейге көтеретіндей маңызды тақырыптар мен қызығушылықтармен жұмыс жасаймыз.
Соңында қатысушылар зиндерімен алмасып, жұмыстарды талқылайды және егер қаласа, оларды жалпы мұрағатқа цифрландыруға болады. Қажетті барлық материал беріледі, бірақ визуал мүмкіндіктерді кеңейту үшін өз материалдарыңызды алып келуіңізге де рұқсат беріледі.
Өтетін орны: Ателье — «Целинный» заманауи мәдениет орталығының білім беру кеңістігі, Масанчи көшесі, 59, Алматы қаласы.
Курс тілі — орыс тілі.
«Freedom Bank-пен шығармашылық зертхана» бағдарламасы аясындағы курсқа қатысу толықтай тегін — гранттар Freedom Bank қолдауымен ұсынылылады. Өтініш беру үшін Целинный орталығының сайтындағы арнайы форманы толтыру қажет. Қатысушыларды таңдау барысында олардың қаржылық қолдауға (көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдер)деген қажеттілігі, сондай-ақ олардың мотивациялық хаты мен өтініштерінің сапасы ескеріледі — курс қатысушы үшін не себепті маңызды және алған білім мен тәжірибені қалай пайдаланғысы келетінін ескере отырып таңдайды.
Тәлімгер: Айгерім Туменбай — халықаралық тәжірибесі бар өнерпаз, мультидисциплинарлық иллюстратор, дизайнер және Open Sourcing Love көркемдік бірлестігінің теңқұрушысы. Қазіргі таңда Айгерім DeMontfort University Kazakhstan университетінде иллюстрация мен дизайн пәндерін оқытады және өз шығармашылық тәжірибесін дамытып жүр.
Курсқа қатысты барлық сұрақтар бойынша мына электронды поштаға жаза аласыз: learning@tselinny.org