МӘҢГІЛІК ЖЕЛ САЛТАНАТЫ: Кино

Триеннале дыбыс пен тыңдау практикаларына арналып, оларды білім, жад және ұжымдық тәжірибенің негізгі формалары ретінде қарастырады. Сегіз апта бойы жоба музыка, өнер және зерттеу тоғысында жұмыс істейтін өнерпаздарға ашық платформа ұсынып, дыбыс инсталляциялары, перформанстар, концерттер, дыбыстық серуендер, уоркшоптар, дәрістер мен пікірталастарды біріктіреді.
Кино бағдарлама екі блоктан тұрады. Korkut Shorts арнайы көрсетілімі (14 мамыр және 25 маусым) — бұл жад, мұра, қуғын-сүргін және азат болу туралы ой-пайымдар дыбыс пен бейне арқылы формаға ие болатын экспериментал қысқа метражды фильмдер топтамасы. Триенналемен қатар поэтикалық бақылаулардан бастап метафоралық интерпретацияларға дейін қамтитын, кино желмен образ ретінде қалай жұмыс істейтінін зерттейтін бес көрсетілімнен тұратын «Жел, мекенсіз жиһанкез» бағдарламасы өтеді.