«Форманың оралуы: сәулеттік демалыстар»

15.08 – 16.08.2026
Дәрістер мен пікірталастар
Целинный

15 және 16 тамыз Целинныйда «Форманың оралуы» көрмесінің бұқаралық бағдарламасы — «Сәулеттік демалыстар» өтеді.

Көрме Моисеи Гинзбургтың жобасы бойынша 1929–1931 жылдары негізі қаланған Алматыдағы Тұңғыш Үкімет үйінің тарихына мойын бұрады. Мұрағаттық сызбалар, фотографиялар мен графикалық реконструкциялар ғимараттың алғашқы келбетін қалпына келтіруге және жүз жылға жуық уақыт бойы сәулет, қала және мұраға деген қарым-қатынастың қалай өзгергенін бақылауға мүмкіндік береді. 

«Сәулеттік демалыстар» аталған әңгімені жалғастырып, ХХ ғасыр сәулет өнерін бүгінде біз өзара байланыс орнатуды жалғастырып келе жатқан мұра ретінде қарастырады. Сәулетшілер, зерттеушілер және мұраны сақтау бойынша мамандармен бірге біз модернистік ғимараттардың құндылығы, оларды зерттеу тәсілдері, сондай-ақ тарихи сәулет өнері заманауи қала ішінде өмір сүруін жалғастырып жатқандығы туралы сөз қозғаймыз. 

Бағдарламаға Қазақстан, Италия, Грузия және Бразилиядан мамандар қатысады. Әртүрлі мемлекеттер тәжірибесі Алматының сәулет мұрасына мейлінше ауқымды халықаралық контексте қарауға мүмкіндік береді. 

Бағдарлама көрме кураторлары Жанна Спунер және Айя Дүйсееваның қатысуымен конструктивистік Алматыдағы серуеннен басталып, олардың «Көрменің оралуы» көрмесі бойынша кураторлық турымен аяқталады. 

Жанна Спунер — сәулетші, урбанист, «Форманың оралуы» көрмесінің кураторы, ICOMOS KZ мүшесі.
Айя Дүйсеева — сәулетші, «Форманың оралуы» көрмесінің кураторы,ICOMOS EPWG KZ мүшесі.

Бағдарлама

15 тамыз, сенбі

10:00–11:00
Экскурсия «Форманың оралуы: конструктивистік Алматыдағы серуен»

Жанна Спунер және Айя Дүйсеева
Тілі: орысша
Жиналу орны: «Афиша» дәмханасы, Қабанбай батыр 83. Бағдар Целинныйда аяқталады.

14:00–16:00
Маурицио Мериджидің «Моисей Гинзбург: сәулеттік форма сазгері» дәрісі

Тілі: орысша
Орны: Целинный, екінші қабаттағы Ателье білім беру кеңістігі.

16 тамыз, жексенбі

12:00–13:30
Русудан Мирзикашвилидің «Дүниежүзілік мұра номинациялары: жолдың басы, әлде соңы ма?»

Тілі: ағылшынша
Орны: Целинный, екінші қабаттағы Ателье білім беру кеңістігі.

14:00–16:00
Сильвио Оксманның «Бразилияның модернистік мұрасы: мойындау сәтінен бүгінге дейін»

Тілі: ағылшынша
Орны: Целинный, екінші қабаттағы Ателье білім беру кеңістігі.

16:30–17:30
«Форманың оралуы» көрмесі бойынша кураторлық тур

Жанна Спунер және Айя Дүйсеева
Тілі: орысша
Орны: Целинный, зал ORTA 1.

Барлық іс-шара тіркелу бойынша тегін өтеді. Целинный мекенжайы: Масаншы көшесі, 59.