Cinematic City

Cinematic City бағдарламасы кинематограф пен қала арасындағы көпқырлы байланысты әртүрлі оптикалар тұрғысынан зерттейді, бұл қатарда: деректі немесе көркем кино, бақылау мен абстракция, классика мен заманауи фестивальдік туындылар бар.
Бұл жай ғана әртүрлі қалалар туралы топтама емес. Бағдарлама фильмдер арасында диалог құрады, ал олардың әрқайсысы қаланы кеңістік, жүйе және тәжірибе ретінде өзінше зерттейді. Әр фильм қаланың экранда қалай өмір сүретінін, сондай-ақ кинематограф оны бейнелеу үшін қандай формалар іздейтінін зерттеу тәсіліне айналады.
Қала жүйе мен машина сияқты; сенсорлық тәжірибе іспетті; жалғыздық пен байланыс кеңістігіндей; әлеуметтік шындық және эксперимент есебіндегі қала сияқты.
Қорыта айтқанда, бағдарлама қаланы экранда тамашалау тәсілі қалай өзгеруде — және аталған өзгерістер заманауи өмір туралы не айтады, әрі өзара үндес қозғалыста біз қайда бара жатырмыз дейтін қарапайым, ашық сауал тастайды.
Бағдарламаны фильммейкер және кинокуратор Ульяна Топоровская дайындады. 2020 жылы ол Qara Film Festival деректі кино халықаралық фестивалін ұйымдастырып, онда бағдарламалық директор да болды. Куратор ретінде — деректі және көркем, бақылау мен абсурд, реализм мен магия, жеке және қоғамдық сынды әртүрлі киноформалар мен эстетиканы зерттеп, қабылдау мен әлемді бейнелеудің әртүрлі тәсілдері арқылы фильмдер арасында диалог орнатады. Фильммейкер есебінде автобиографиялық түрткілер, әйел тәжірибесі және әртүрлі өтпелі күйдегі адамдардың оқиғаларына назар салады. Goldsmiths, University of London киноөндірісінің магистрі.